"Солтүстіқ Қазақстан облысы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласы білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алдын алу және ата-аналарды таныстыру мақсатында 2023 жылдың 30 қарашасында "Жасөспірімді қалай естуге болады" тақырыбында педагогикалық қолдау орталығының сабағы өтті.
2023 жылдың 23-қарашасында Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектебінде қазақтың ақын-данышпаны, тарихшысы, философы, композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналған 9-сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар Ұлы Абаймен замандас інісі Шәкірімнің өмірі мен шығармашылығы туралы біліп, оның өлеңдерін жатқа оқыды. Оқушылардың баяндамалары, дайындаған презентациялары қазақ халқының асыл ұлы Шәкірімнің өмірі және шығармашылығымен таныстырды. 9-сынып оқушылары ақын, философ туралы мәліметтерді қызыға тыңдады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлын еске алу мақсатында 2023 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы (Астана қ.) Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің базасында «Халық жүрегіндегі батыр!» атты көрме өткізді. Бұл іс-шараға 10 В сынып оқушылар қатысты.
1993 жылғы 15 қарашада еліміздің төл валютасы - теңге айналымға енгізілді, бұл Қазақстанға нарықтық экономика құрып, оны дамытуға мүмкіндік берді. Себебі, Ұлттық валюта – тәуелсіздіктің символы және мемлекеттің ақша жүйесінің негізі.
2023 жылдың 15 қыркүйегінде 9-11 сынып оқушылары үшін «Мұрат Айтхожин атындағы 1 орта мектеп» КММ «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі» МКК өкілдерімен кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша кездесу өтті. Колледж келесі ақпаратпен таныстырды: - колледждің білім беру бағдарламаларымен - колледжге түсу бастапқы ұпаймен - колледжге қабылдау кезеңдерімен.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлын еске алу мақсатында 2023 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы (Астана қ.) Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің базасында «Халық жүрегіндегі батыр!» атты көрме өткізді. Көрменің салтанатты ашылуында ҚР Қарулы Күштері ансамблінің әртістері өнер көрсетті. Бұл іс-шараға «Арлан» үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты (жетекшісі З.Т. Тасболатова).