Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1558301461

"Солтүстіқ Қазақстан облысы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласы білім бөлімі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  "Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    ҚР Президентінің жолдауына арналған мектепішілік іс-шаралар




    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жыл сайынға Жолдауды біз асыға күтеміз, себебі Жолдауды  өткен жылдың қорытындысы және алдағы жылға жасалған жоспар деп білеміз. Сондықтан Жолдау еліміз үшін маңызды. Президент еліміздің қазіргі экономикалық, әлеуметтік ахуалына қысқаша талдау жасап, алдағы жылдары экономиканы көтеру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың тың жолдарын көрсетті. Әйелдер қауымын зейнеткерлікке 61 жаста шығуы туралы жаңалық елең еткізді.  Біліммен  медицина саласындағы болатын өзгерістер халықтың тұрмысын жақсартудың жолдары екені  атап көрсетілді. Мемлекет басшысы Жолдаудың түйіні ретінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының  «Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек», деген сөздерімен бекітті. Отандастарды ел алдында адал қызмет етуге абыройлы іс жасауға, терең білім алуға, ерінбей еңбек етуге шақырды.

     

    Майсеитова З.Ш.

    Тізім бос

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер