Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1558301461

Коммунальное государственное учреждение "Средняя  школа № 1
имени  Мурата  Айтхожина" коммунального государственного учреждения "Отдел образования  города Петропавловска" коммунального государственного учреждения "Управление  образования акимата Северо – Казахстанской области"
  • kz
  • ru
  • Меню школы

     Новости 

    Мектеп ғимараттарына алып кіруге болмайтын заттардың тізімі бекітілуі мүмкін


    Елімізде мектеп ғимараттарына алып кіруге болмайтын заттардың бірыңғай тізімі бекітілуі мүмкін. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында Білім және ғылым министрі хабарлады. Ерлан Сағадиевтің айтуынша, бұл – жасөспірімдер арасында белең алған заңсыз әрекеттерді тыюдың бір амалы. Жиналғандар балалар қылмысын азайтуға қатысты арнайы әзірленген бағдарламаны талқылады. Құжат ата-ана жауапкершілігін арттыру, психологпен жұмысты күшейту сияқты бес бағытты қамтиды. 2017 жылы кәмелетке толмағандардың қолымен 3 мыңнан астам заңға қайшы әрекет жасалған. Былтыр да сол шамада болды. Өңірлер бойынша жіктесек, балалар қылмысы Атырау облысы мен Алматы қаласында өршіп тұр. Ержан Ерсайынов, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары: – Бағдарламаны жүзеге асыру үшін біріншіден психологтармен жұмыс жасаймыз. Өйткені психологтар бізде базалық білімді ЖОО-нан алады. Біліктілігін арттырамыз. Алдымен онлайн-курстар болады. Содан кейін психологтар балалармен, ата-аналармен жұмыс істейді. Әр психологқа куратор бекітіледі. Осы категория бойынша: « Қазақстанда синтетикалық есірткіге әуес 128 бала тіркеуде тұр Елімізде жасөспірімдер арасындағы төбелестің жиілеуіне не себеп? »

    Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/293626-mektep-imarattaryna-alyp-kiruge-bolmajtyn-zattardy-tizimi-bekitilui-m-mkin?fbclid=IwAR1oyk5dEGtED2MNfqElTXN9CZP2A-2S8vnxev2o1KuyH8P4BTovj5g3pZM
    Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
    01.02.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру